Менеджмент
есебі
 

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны қайта өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтитын ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Лизинг
нарығын
талдау

Лизинг негізгі құралдарды жа­ңартудың тиімді құралы болып табылады және әлемдік тәжірибеде белсенді қолданылады. Қазақстанда лизингтік қызмет «Қаржы лизингі туралы» Қазақ­стан Рес­публикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78-II За­ңымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (ерекше бөлігі) және Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен (Салық кодексі) реттеледі.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы) деректері бойынша 2024 жылы ел бойынша:

  • ағымдағы лизингтік портфель 2 518,9 млрд теңгені құрады және 2023 жылмен салыстырғанда өсім 712,3 млрд теңгені құрады;
  • қаржы лизингі шарттарының құны – 991,3 млрд теңге, 2023 жылдан бастап өсім 234,6 млрд теңгені құрады.

Ең тартымды салалар көлік және қоймалау – 36%, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы – 27,3%, ал өңдеу өнеркәсібі – қаржы лизингі шарттарының жалпы құнының 21,6% болды.

Қаржы лизингін пайдалану бағыттары, о.і. АӨК бойынша шарттардың саны (бірлік) және құны (млрд теңге):


 Көлік құралдары мен жабдықтар Басқа машиналар мен жабдықтар оның ішінде ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар Жиыны
млрд теңге бірлік млрд теңге бірлік тыс. теңге бірлік млрд теңге бірлік
Қазақстан Республикасы 5063 47748611 46126811 023 991,3 14 938
Ауыл, орман және балық шаруашылығы23026911 06226811 022 270,6 11 092

Дереккөз: Ұлттық статистика бюросының ресми сайты

Компания АШТ саласындағы негізгі лизинг беруші болып табылады.

2024 жылы жылдық 5% пайыздық мөлшерлемемен және 7 жыл мерзімге 120 млрд теңге сомасына жеңілдікті лизингтің ауқымды бағдарламасы іске қосылды.

2024 жылы Компания 228,5 млрд теңге сомасына 10 543 бірлік техниканы лизингке берді, ондағы үлесі:

  • Қазақстан бойынша ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар лизингі шарттары құнының жалпы көлемінің 85,21%;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы бойынша шарттардың жалпы құнының 84,46%.

Компанияның қаржы лизингі шарттары құнының үлес салмағы


  2023 2024
ел бойынша шарттардың жалпы құнының үлесі23,52%23,05%
АӨК саласы бойынша шарттар құнының үлесі76,99%84,46%
с.і. ауыл шаруашылығы машиналары бойынша шарт-тардың құнынан77,33%85,21%

Шарттар құнының динамикасы, млрд теңге

Осылайша, 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі қызмет кезеңінде жалпы сомасы 1 433,2 млрд теңгеге 87 мыңнан астам АШТ бірлігі мен жабдықты сатып алу қаржыландырылды.

2000-2024 жылдар кезеңіндегі лизинг динамикасы, бірл.

Экономиканы, ең алдымен АӨК, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес саласында қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары лизинг саласына айтарлықтай әсер етуді жалғастыруда, өйткені мемлекеттік қолдау көбінесе лизингтік қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта АӨК лизингі нарығында Қаз­Агро­Қаржы сөзсіз көшбасшы болып қала береді. Компанияның бағдарламаларына фермерлер үшін негізгі қарызды өтеудің маусымдық кестесіне (егін жинағаннан кейін жылына бір рет төлеу), лизингтің ұзақ мерзіміне, комиссиялардың болмауына, сондай-ақ аванстық төлемнің төмен мөлшеріне және осы салада жеткілікті үлкен жұмыс тәжірибесіне байланысты артықшылық беріледі. Сонымен қатар Компанияның аграрийлер үшін лизингтік қаржыландырудың негізгі артықшылықтары:

  • лизингті қаржыландырудың неғұрлым икемді шарттары мен схемалары. Лизингті ресімдеу кезінде қосымша кепіл талап етілмейді, өйткені лизинг нысанасының өзі қамтамасыз ету болып табылады;
  • ҚР АШМ желісі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламаларының болуы және техника мен жабдыққа инвестициялық салымдарды субсидиялау;
  • Қазақстанда бірде-бір лизингтік компания қамтамасыз ете алмайтын кең аймақтық қамту (15 филиал).

Ресми статистика көрсеткендей, елде қаржы лизингі толық көлемде, оның ішінде аграрлық секторда қолданылмайды.

АӨК-ті жеткіліксіз қаржыландыру азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етеді, онда фермерлер жабдықтар мен техниканы уақтылы жаңартпайды, бұл өнімділікті төмендетеді және тапшылыққа, тиісінше, бағаның өсуіне әкеледі.

Компания өз қызметінде АӨК дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі қойған міндеттерді басшылыққа алады.

Бүгінгі таңда 13 лизингтік компания АШТ және жабдық лизингімен айналысады.

Мемлекеттік қолдау құралдарының кеңінен таралуының арқасында Қазақстандағы лизинг нарығы тұрақты өсуді көрсетіп отыр. АШТ мен жабдықтар лизингі бойынша арнайы бағдарламалары бар компаниялар қаржыландырудың мынадай шарттарын ұсынады:


Атауы Активтерді
қаржыландыру
Шарттар
Лизинг
мерзімі
Сыйақы
мөлшерлемесі
Бастапқы
жарна
«Forteleasing» АҚ (Фортелизинг)Жабдықтар, көлік, арнайы техника12 айдан 84 айға дейін (өндіруші елге байланысты)Базалық мөлшерлерме + 6 пайыздық тармақ20%-дан
«Лизинг Групп» АҚМамандандырылған техника, жабдықтар37-60 айҚР ҰБ белгілеген базалық мөлшерлемеден + 5% және одан жоғары.
damu.kz бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндігі
20%-дан
«Нұрбанк» АҚ ЕҰ «Нұр ли-зинг» лизингтік ком-паниясы» ЖШСАрнайы техника, жабдық.37 айданжылдық 19,25%-дан;
Субсидиялау кезінде ДАМУ КДҚ АҚ – жылдық 8%-дан
20%-дан
«MERZ Leasing LTD» жеке компаниясыАШТ, о.i. аспалы және тіркемелі жабдық 60 айдан6%-дан20%-дан
ТОО «Техно Лизинг»АШТ3-5 жылжылдық 22,75%;
субсидиялауды ескерумен 6%
20%-дан
«QZQ FINANCE» ЖШСАШТ; арнайы техника37 айдан 84 айға дейін14%-дан15%-дан
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚАШТ7 жылға дейін7% бюджет қаражаты есебінен, 15% коммерциялық қаражат есебінен 15%-дан
«Қазақстандық Иджара компаниясы» АҚАШТ12 ай және одан жоғары жеке20%-дан
«GARANTI LEASING» ЖШС АШТ; жабдық37 айдан6%-дан (АШМ бағдарламасы бойынша субсидиялау)20%-дан
Қазақстан Ұлттық банкі АҚ «Халық-Лизинг» ЕҰАШТ37 айдан 60 айға дейінҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі +5% (ДАМУ 7% / 8% субсидиялауын ескерумен)20%-дан
«NKB LEASING» ЖШСАрнайы техника 37 айдан14%-дан20%-дан
«Partner leasing» ЖШСАрнайы техника, жабдық12 айдан 60 айға дейінЖылдық 16%-дан астам емес (ДАМУ)15%-дан
«ҚазАгроҚаржы» АҚ АШТ; жабдық «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясының өнімдері

Операциялық
қызметтің
нәтижелері

15 786 клиенттер
2024 жылы
қаржыландырылған

1 634,0 млрд теңге
2000 жылдан 2024 жылға дейін
АӨК-ке инвестицияланды

қызметтің
нәтижелері


2023 жыл

2024 жыл

Динамика



Қаржыландыру көлемі
178,8
млрд теңге
224,2
млрд теңге
25,4%



Техника саны
7 710
бірлік
10 543
бірлік
36,7%



Оның ішінде KZ техникасы
4 142
бірлік
7 802
бірлік
88,4%



Несие портфелі
477,9
млрд теңге
609,1
млрд теңге
27,4%



NPL 90+
8,13%

7,15%

12,1%



Провизиялар
10,85%

12,27%

13,1%



Клиенттер саны
13 234
АШТӨ
15 786
АШТӨ
19,3%



Инвестиция көлемі, млрд теңге

2009 жылдан 2016 жылға дейін Қаз­Агро­Қаржы инвестициялық жобаларды, оның ішінде ҚР ҰҚ қаражаты есебінен іске асырылатын жобаларды қаржыландыру жөніндегі оператор болды. 2017 жылдан бастап Компания өз қызметін тек АШТ лизингіне шоғырландырады.

2000 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде Компания АӨК-ке шамамен 1 634,0 млрд теңге инвестициялады, оның ішінде техника лизингі мен қарыздарды ескере отырып, бұрын қаржыландырылған инвестициялық жобалар бойынша.

Компанияның сандық көрсеткіштерінің динамикасы, бірл.


Техника атауы 2022 2023 2024 Жиыны 2022–2024 жж.
саны сомасы, млн теңге саны сомасы, млн теңге саны сомасы, млн теңге саны сомасы, млн теңге
Егіс кешендері1908 5471918 01613510 1542 30395 030
Тракторлар2 89665 3082 84663 6904 72987 65429 326419 821
Комбайндар50757 37551255 94592488 25713 954532 378
Сепкіштер2849 3391726 4782735 5043 92852 129
Басқа техника292932 2673 98943 8584 48236 97737 168274 976
Жабдық      60458 897
Жиыны 6 806 172 836 7 710 177 989 10 543 228 546 87 283 1 433 231

бизнес көлемі бойынша
клиенттер саны, бірл.

2024 жылы ең көп сұранысқа ие бағдарламалар «Жеңілдетілген лизинг» және «Нарық шарттарымен лизинг» болды.

«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасының басты артықшылығы – сыйақының жеңілдікті мөлшерлемесі – жылдық 5%. Лизинг алушының бірінші лизингтік төлемді (лизинг нысанасы құнының кемінде 10%) лизинг нысанасы берілгеннен кейін 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде төлеуіне рұқсат етіледі. Қаржыландырудың ең ұзақ мерзімі – 7 жылдан аспайды.

«Нарықтық лизинг» бағдарламасының артықшылықтарына ауылшаруашылық техникасы мен өнім берушілердің үлкен таңдауы жатады. Бағдарлама сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімін (10 жылға дейін) және лизинг нысанасы құнының 15%-ын қаржыландыру алынған жылдың 10 қарашасына дейін кейінге қалдыруды көздейді.

Қаржыландыру бағдарламалары бойынша лизинг құрылымы


Бағдарлама Шарттар
саны
Техника саны,
бірл.
Техника құны,
млн теңге
Нарық шарттарымен лизинг2 6833 45066 999
Жеңілдетілген лизинг (5%)3 5464 320120 061
Жеңілдетілген лизинг (6%)25729016 762
Қазақстанда жасалған 27733610 518
Жасыл-Өнім1611762 756
Өз жемшөбіміз 1 7171 97111 450
Жиыны 8 641 10 543 228 546

2024 жылы өңірлер
бойынша портфолиодағы
клиенттердің құрылымы

Компанияның, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Жетісу және Абай облыстары клиенттерінің өңірлік картасында мыңнан астам клиент бар.


Қаржылық
нәтижелер

Негізгі қаржылық көрсеткіштер



млн теңге

2024

2023
 
Активтер
Ақша қаражаты және оның баламалары 53 63143 801
Кредиттік ұйымдардағы қаражат 2 434-
Клиенттерге кредит 7 5578 111
Қаржылық жалгерлік бойынша дебиторлық берешек 550 252448 424
Қорлар 2 9853 043
Негізгі құралдар 862872
Басқа активтер 26 52619 053
Активтер жиыны 644 247523 303
 
Міндеттемелер
Акционер алдындағы берешек 12 94917 641
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ алдындағы берешек 13 36812 424
Кредиттік ұйымдардың қаражаты 16 18434 081
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 343 171210 268
Мемлекеттік субсидиялар 50 35543 518
Басқа міндеттемелер 15 55619 802
Міндеттемелердің жиынтығы 451 583337 734
 
Меншікті капитал 192 664185 569
ROA 3,493,79
ROE 10,7611,05
Бір жай акцияның баланстық құны (теңгемен) 1 869,981 800,48
 


млрд теңге

2024

2023
2024 жыл
2023 жылға, %
Кіріс, барлығы 91,25 72,70 125,52%
соның ішінде:
Сыйақылар түріндегі кірістер90,6272,24125,44%
 
Шығыстар, барлығы 72,63 53,77 135,08%
соның ішінде:
Сыйақылар бойынша шығыстар40,4534,50117,25%
Резервтер құру бойынша шығыстар22,7412,08188,32%
 
КТС - 1,72 0,0 -
 
Таза кіріс 20,3 18,9 107,49%
 

Қаз­Агро­Қаржы ауыл шаруашылығы секторындағы табысты операциялық қызметті, қаржылық тұрақтылықты және Компанияның орнықты дамуын көрсететін оң қаржы көрсеткіштерін көрсетуді жалғастыруда.