Орнықты
даму
 

Компания 25 жыл бойы ауыл шаруашылығы секторының тұрақты дамуына, ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық жаңартылуына ықпал етіп келеді.

Орнықты
даму саясаты

Қаз­Агро­Қаржы ұзақ мерзімді кезеңде орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін өз қызметінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін үйлесімді басқаруға ұмтылады.

Орнықты даму Компанияда үш құрамдас санаттан тұрады: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік, олардың аспектілерін GRI Standards ескереді.


Орнықты дамудың экономикалық құрамдасы келесі мақсаттардан тұрады:

  • қызметтің шығынсыздығы;
  • Жалғыз акционер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз ету;
  • процестердің тиімділігін арттыру;
  • ауыл шаруашылығына инвестициялардың өсуі.

Орнықты дамудың экологиялық құрамдасы келесі мақсаттардан тұрады:

  • биологиялық және физикалық табиғат жүйелеріне әсерді барынша азайту;
  • органикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану;
  • экологиялық, энергия және материал үнемдейтін технологияларды қолдану.

Орнықты дамудың әлеуметтік құрамдасы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бағытталған және соның ішінде келесі мақсаттарды қамтиды:

  • жұмысқа қабылдау кезінде ашық конкурстық рәсімдер мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
  • әділ сыйақы және жұмыскерлердің құқықтарын сақтау;
  • еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау;
  • жұмыскерлерді оқыту және кәсіби дамыту;
  • ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы.

Компания өзінің қызметіне осы үш аспект бойынша талдау жүргізеді, сонымен қатар өз қызметі нәтижелерінің мүдделі тараптарға теріс әсерін болдырмауға немесе төмендетуге ұмтылады. Қаз­Агро­Қаржы БҰҰ Орнықты дамуы мақсаттарының (бұдан әрі – ОДМ) барлық 17 мақсатының маңыздылығын қолдайды және мойындайды және ОДМ-ға қол жеткізуге елеулі үлес қосуға ұмтылады.


Компания өз қызметі шеңберінде орнықты дамудың мынадай мақсаттарына қол жеткізуді жүзеге асырады:


ОДМ 1.

Кедейшілікті оның барлық нысандарында жаппай жою

  • қаржылық қызмет көрсетулің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды іске асыру
  • қайырымдылық және демеушілік көмек

ОДМ 2.

Ашаршылықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының орнықты дамуына жәрдемдесу

  • Компания АШТ мен жабдықтарды сатып алу үшін лизингтік қызметтер көрсету арқылы АӨК-ті техникалық жарақтандыруға жәрдемдесуді жүзеге асырады. Осылайша, АӨК-ті жоғары өнімді техникамен технологиялық жаңарту арқылы Компания азықтүлік қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді

ОДМ 3.

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету

  • қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және Компания жұмыскерлерінің денсаулығын сақтау
  • жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау

ОДМ 5.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

  • тең жұмыс жағдайлары мен тең мансаптық мүмкіндіктер жасау
  • қызметті бағалаудың және сыйақының тең жүйесін қамтамасыз ету

ОДМ 8.

Ұдайы, бәрін қамтыған және орнықты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барша үшін лайықты жұмыс болуына жәрдемдесу

  • ауыл шаруашылығында инвестициялардың өсуі
  • лизингтік қызметтер көрсету арқылы АӨК-те бизнесті дамыту

ОДМ 12.

Тұтынудың және өндірістің ұтым­ды модельдерін қамтамасыз ету

  • энергия үнемдеу мәдениетін арттыру
  • ресурстарды тұтынуды (энергия тұтынуды, су тұтынуды) азайту
  • Компанияның бизнес-процестерін автоматтандыру арқылы қағаз құжат айналымын оңтайландыру

ОДМ 15.

Құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозуы процесін тоқтату жәнекеріқайтаружәнебиологиялықәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату

  • Қаз­Агро­Қаржы лизингке жаңа заманауи АШТ ұсынады, ол ескірген тозығы жеткен техникамен салыстырғанда қоршаған ортаға теріс әсер етпейді (пайдалану кезінде мұнай-химия қалдықтарының түсуі нәтижесінде атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының мөлшері мен топырақтың ластануы азаяды). Тиісінше, Компания портфелінде «жасыл»/тұрақты жобалар жоқ және мұндай жобалардың үлесін есептеу жүргізілмейді

Орнықты
даму
(ESG):

БҰҰ орнықты даму мақсаттары: БҰҰ орнықты даму міндеттері: Компанияның қосқан үлесі:


Кедейлікті барлық нысандарда жаппай жою


Кедейлікті жою бойынша іс-шаралардың жедел инвестициялануына жәрдемдесу үшін ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде кедейлердің мүдделері мен гендерлік аспектілерді ескеретін даму стратегияларына негізделген сенімді стратегиялық механизмдер құру

  • қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды іске асыру
  • қайырымдылық және демеушілік көмек


Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу


Азық-түлік тауарлары мен және оларды өңдеу өнімдері нарықтарының тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау және азық-түлік бағасының шамадан тыс құбылмалылығын шектеуге көмектесу мақсатында нарықтық, оның ішінде азық түлік резервтері туралы ақпаратқа уақтылы қол жеткізуге жәрдемдесу


  • Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін лизингтік қызметтер көрсету жолымен Компания АӨК-ті техникалық жарақтандыруға жәрдемдесуді жүзеге асырады. Осылайша, жоғары өнімді техникамен АӨК-ті технологиялық жаңарту арқылы Компания азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді


Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету


Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуды, оның ішінде қаржылық тәуекелдерден қорғауды, сапалы негізгі медициналық санитарлық қызметтерге қолжетімділікті және қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан негізгі дәрі-дәрмектер мен вакциналарға

  • қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және Компания қызметкерлерінің денсаулығын сақтау
  • жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау


Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту


Әйелдердің саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге жан-жақты және нақты қатысуын және оларға шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде көшбасшы болу үшін тең мүмкіндіктер берілуін қамтамасыз ету

  • тең жұмыс жағдайлары мен мансаптық мүмкіндіктер жасау
  • қызметті бағалаудың және сыйақы берудің тең жүйесін қамтамасыз ету


Ұдайы, бәрін қамтыған және орнықты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барша үшін лайықты жұмыс болуына жәрдемдесу


Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және инновациялық қызмет арқылы, оның ішінде қосылған құны жоғары және еңбекті көп қажет ететін секторларға ерекше назар аудару жолымен экономикада өнімділікті арттыруға қол жеткізу дамуға бағытталған, қызметтің өнімділігіне, лайықты жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікке, шығармашылыққа және инновациялық қызметке ықпал ететін саясатты жүргізуге жәрдемдесу және микро-, шағын және орта кәсіпорындарды ресми мойындауды және дамытуды көтермелеу

  • ауыл шаруашылығында инвестициялардың өсуі
  • лизингтік қызметтер көрсету арқылы АӨК-те бизнесті дамыту


Өндіру мен тұтынудың рационалды модельдерін қамтамасыз ету


Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және инновациялық қызмет арқылы, оның ішінде қосылған құны жоғары және еңбекті көп қажет ететін секторларға ерекше назар аудару жолымен экономикада өнімділікті арттыруға қол жеткізу

  • энергия үнемдеу мәдениетін арттыру
  • ресурстарды тұтынуды (энергия тұтынуды, су тұтынуды) азайту
  • Компанияның бизнес-процес­терін автоматтандыру арқылы қағаз құжат айналымын оңтайландыру


Құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозуы процесін тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату


2030 жылға қарай қалдықтардың көлемін олардың пайда болдырмау, азайту, өңдеу және қайта пайдалану арқылы айтарлықтай азайту

  • Қаз­Агро­Қаржы лизингке қоршаған ортаға ескірген тозығы жеткен техникамен салыстырғанда теріс әсері аз жаңа заманауи техника ұсынады (пайдалану кезінде мұнай-химия қалдықтарының түсуі нәтижесінде атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының мөлшері мен топырақтың ластануы азаяды)