Компания
туралы
 

«Қаз­Агро­Қаржы» – мемлекеттік аграрлық саясаттың негізгі институты және Қазақстандағы лизингтің жетекші операторларының бірі.

Миссиясы


Қазақстан Республикасының АӨК субъектілерінің бизнесін техникалық және технология­лық жаңғырту.

Пайымы


Қаз­Агро­Қаржы – цифрлық шешімдерді қолдана отырып, АӨК саласындағы клиенттерге жан-жақты қолдау көрсететін серіктес.


Рейтингтер


18 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қаз­Агро­Қаржының ұзақ мерзімді рейтингтерін шетелдік және ұлттық валютада «ВВВ-» деңгейінде растады, рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

Лицензиялар


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің ұлттық валютада банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы (2006 жылғы 31 наурызда алынған).

Сертификаттау


ISO 9001-2015 сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификаттау.


Саладағы
мақсат


Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді лизинг негізінде АШТ сатып алу үшін қолжетімді қаржы қаражатымен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді технология­лық жаңарту.

Қызмет
түрлері:


  • агроөнеркәсіп кешеніндегі лизингтік қызмет;
  • заң актілерінде тыйым салынбаған, Қаз­Агро­Қаржы жарғысында көзделген Компания мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін кредиттеу және өзге де қызмет түрлері;
  • агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған республикалық бюджеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

Қызмет
географиясы


Еліміздің барлық өңірлерінде 15 филиалы бар. Қазақстандық техника өндіруші зауыттармен, сондай-ақ жақын және алыс шетел жеткізушілерімен ынтымақтастық.


Бизнес-модель


Лизинг беру
процесі


Қызмет
бағыттары

2024 жылы Компанияда болған қаржыландыру бағдарламалары:

Нарықтық
шарттардағы
лизинг:


  • Ауыл шаруашылығы техникасы (өздігінен жүретін, аспалы және тіркемелі)
  • Мелиорациялық және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған арнайы техника, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары
  • Биологиялық активтерді, ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдары, соның ішінде жүк вагондары

Жеңілдетілген
шарттармен қаржыландыру
бағдарламалары:


  • «Қазақстанда жасалған»
  • «5%-бен жеңілдетілген лизинг»
  • «6%-бен жеңілдетілген лизинг»
  • «Өз жемшөбіміз»

2024 жыл соңындағы
қаржыландыру бағдарламалары


  Мерзімі Аванс Мөлшерлеме
Нарықтық шарттармен лизинг
Ауыл шаруашылығы техникасы (аспалы, тіркемелі, өздігінен жүретін а/ш техникасы)10 жылға дейін0%-ден бастапҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5% (техниканың басым түрлері бойынша субсидиялауды ескерумен – 6%, өзгелер бойынша – 15%)
Мелиорациялық және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған арнайы техника 7 жылға дейін0%-ден бастапҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5% (техниканың басым түрлері бойынша субсидиялауды ескерумен – 6%, өзгелер бойынша – 15%)
Ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін және оларды қайта өңдеу өнімдерін, биологиялық активтерді тасымалдайтын көлік құралдары (соның ішінде тартқыштар мен тіркемелері бар)7 жылға дейін0%-ден бастапҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5% (техниканың басым түрлері бойынша субсидиялауды ескерумен – 6%, өзгелер бойынша – 15%)
«А/ш жұмыстарына арналған авиациялық жүйелердің лизингі» а/ш жұмыстарына арналған ұшқышсыз авиациялық жүйелер (ҰАЖ)5 жылға дейінкемінде 20% Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5% (субсидияланбайды)
«Пайдалануда болған а/ш техникасының лизингі»7 жылға дейінкемінде 15% Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі плюс 7,5% (субсидияланбайды)
Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларының шарттары
«Қазақстанда жасалған»
Отандық өндірістегі/ құрастырылған АШТ және көлік құралдары
10 жылға дейінкемінде 15% *6%
«5%-бен жеңілдетілген лизинг»
Отандық өндірістегі/ құрастырылған
7 жылға дейінкемінде 10%*5%
«6%-бен жеңілдетілген лизинг»
Өздігінен жүретін, отандық өндірістегі/ құрастырылған АШТ
10 жылға дейін0%-ден бастап*6%
«Өз жемшөбіміз»
АШТ, жем-шөп дайындау техникасы және суарудың жылжымалы жүйелері
10 жылға дейінкемінде 15% *6%

* Негізгі борышты өтеуге, оның ішінде техниканың басым түрлері бойынша аванс ретінде пайдалануға инвестициялық субсидиялар алу мүмкіндігі бар.

Лизинг нысанындағы қаржыландырудың басым шарттары кепілсіз, жеңілдікті кезеңмен комиссия төлемей, қаржыландырудың ұзақ мерзімдері, аванс енгізбестен (техника құнының 15%-дан аспайтын мөлшердегі инвестициялық субсидиялар есебінен) техниканы ұсыну болып табылады.

Сыйақы мөлшерлемесін мемлекет субсидиялайды, клиент үшін сыйақының қорытынды мөлшерлемесі – техниканың басым түрлері бойынша жылдық 6% және басқа түрлері бойынша 15%.